Иеленушілерге | GAC MOTOR

Қызметке жазылу

Тегін кері байланысқа тапсырыс беріңіз. Біздің мамандар сізге бірнеше секундтан кейін хабарласады!

Дербес деректерді жинау және өңдеу туралы КЕЛІСІМ.

Қызметке жазылу

GS8, GS5 автокөліктеріне қызмет көрсету және кепілдік бойынша барлық сұрақтарға жауаптарды бізге сұрау қалдыру арқылы ала аласыз
car
Басты бет
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар
Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және осы нұсқаулар мен ұсыныстарды орындаңыз. Нұсқаулықтағы барлық ережелерді сақтасаңыз, көлігіңіздің қауіпсіз және ұзақ мерзімді жұмысына кепілдік беріледі.

Кепілдік және қызмет көрсету

Бұл шарттар тек ақпараттық және анықтамалық мақсаттарға арналған және ашық ұсыныс немесе коммерциялық ұсыныс болып табылмайды.

Кепілдік шарттары мен техникалық қызмет көрсету туралы толық және егжей-тегжейлі ақпаратты ресми уәкілетті дилерлер арқыла ала аласыз.

Техникалық қызмет көрсету

Көлік құралына бірінші қызмет көрсету 5000 км қашықтықта немесе көлік құралын сатып алғаннан бастап 3 айдан кейін (қайсысы бірінші орын алса) орындалады. Бұл қызмет көлік иесіне тегін көрсетіледі.

Жұмыстар тізімі:

Кепілдік

Кепілдік мерзімі

Жаңа көлік кепілдігі әртүрлі элементтер үшін бірнеше кезеңдерге бөлінген. Әрбір кепілдік мерзімі көлік құралы бастапқы иесіне сатылған күннен басталады. Көлікті сатқан жағдайда барлық кепілдік міндеттемелері берілген кепілдік шарттары бойынша келесі иесіне ауысады.

Негізгі кепілдік

Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін GAC MOTOR автомобильдердің негізгі элементтері үшін, нақты және арнайы келісілген шарттарды қоспағанда, бірінші иесіне сатылған сәттен бастап кепілдік мерзімі 5 жыл немесе 150 000 км қашықтықты кұрайды (қайсысы бірінші келетініне байланысты).

Көлік шиналары

Көлік құралына бастапқыда орнатылған шиналарға өндірушісі кепілдік береді. GAC кепілдігі шиналарды қамтымайды.

Каталитикалық бейтараптандырғыш

Каталитикалық бейтараптандырғыштың істен шығуы туралы шағымдар көліктің 5000 км дейінгі қашықтық жүрісіне ғана қабылданады.

Аудио/аудио-бейне навигация жүйесі

Көлікте орнатылған аудио/аудио-бейне навигация жүйесіне өндіруші мерзімі 36 ай немесе 100 000 км дейінгі қашықтық жүрісіне (қайсысы бірінші келетініне байланысты) кепілдік анықтады.

Бағдарламалық жасақтама

Өндіруші бағдарламалық жасақтама жұмысының қатесіз болатынына кепілдік бермейді, пайдаланушының ағымдағы орналасқан жеріндегі қателер немесе елді мекендердің бар болуын қоса алғанда.

Ауыстыру бөлшектеріне кепілдік

Ақаулы бөлшектерді ауыстыру үшін жөнделген немесе орнатылған бөлшектеріне көлік құралының кепілдік мерзімінің соңына дейін кепілдік беріледі, тек Қызмет кітапшасына сәйкес қысқарақ кепілдік мерзімі берілген бөлшектерді қоспағанда. Кепілдік бойынша ауыстырылған бөлшектер дилердің меншігіне өтеді.

Түпнұсқа қосалқы бөлшектеріне кепілдік

Өкілетті дилерден сатып алынған және орнатылған түпнұсқа қосалқы бөлшектеріне кепілдік 12 ай немесе 20 000 км дейінгі қашықтықты кұрайды (қайсысы бірінші келетініне байланысты).

Техникалық қызмет көрсету және кепілдік міндеттемелері туралы толық ақпаратты Қызмет кітапшасынан таба аласыз.